Вход
Логин:

Пароль:

запомнить пароль

Регистрация
Забыли пароль?


 
2011-06-15 10:07 - Бүгін Астанада ШЫҰ мерейтойлық саммиті басталады
Новость сообщил RTCдругие новости (ТВ "Хабар")
ТВ Сегодня в Астане открылся саммит стран ШОС
Онда негізінен ұйымның өткен 10 жылда атқарған жұмысы қорытындыланып, алдағы мақсат-міндеттер белгіленбек. Сонымен қатар, саммитте әлем мен аймақтағы қауіпсіздік мәселесіне мән берілмек. Жиын соңында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Астана декларациясын қабылдау жоспарлануда.

Белгіленген ереже бойынша, Астанадағы саммит бітісімен ұйымның төрағалығы Қазақстаннан Қытайға өтеді. Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы 2001 жылдың басында Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан басшыларының бастамасымен құрылған болатын. Ол – мүше мемлекеттер арасында әртүрлі салаларда терең ынтымақтастық дамытуды қарастыратын ұйым болып табылады. Қатысушы мемлекеттер өзара сенім мен достастық қарым-қатынасты нығайту, білім, ғылым, мәдениет және технология салалары бойынша әріптестік байланысты дамыту жолында қызмет етеді. Бүгінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Орталық Азиядағы өңірлік байланысты дамытудың табысты үлгісі болып табылады. Қазір ұйымға Ресей, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттері мүше. Моңғолия, Пәкістан, Үндістан және Иран елдері ұйымда бақылаушы мәртебесіне ие.

Кустанай
Карта Костаная
Карта области

Счетчик посещений

Наши партнеры
Помогите детям

Banner

2003 © Interstan® .