Вход
Логин:

Пароль:

запомнить пароль

Регистрация
Забыли пароль?


 
2014-08-11 04:11 - Ауыл шаруашылығы алға басты
Новость сообщил RTCдругие новости (газета "КостанайАГРО")
газета Қарасу ауданында облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
Жиында ауданның алты айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы сөз болған еді.
Сессияға облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов, мәслихат депуттары және аудан-ауыл әкімдерінің қатысқанын айта кеткен жөн. Қадырғали Жаманбалиннің төрағалығымен өткен шарада Б.Жақыпов егіннің жай-күйі туралы баяндады:
– Соңғы екі жылда облыста құрғақшылық болды. Ал, биыл ауа-райы егінге қолайлы. Оңтүстік аудандарда алғашқы жаңбыр маусымда, өзге аудандарда шілде айында жауды. Сондықтан биылғы жылы гектарынан 10-10,5 центнер өнім аламыз деп жоспарлап отырмыз. Өңіріміздегі ауылшаруашылық саласының алты айдағы жағдайы қалыпты.
Қарасу ауданының әкімі А.Шәмшиев елдімекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайының әжептәуір жақсарғанын тілге тиек етті. Әсіресе, ауылшаруашылығы саласы алға басып отыр. Ауданда 647 мың гектарға дән себілді. Майлы дақылдардың аумағы 13,9 мың гектарға артты. Шыққан өнімді қысылмай сақтау үшін, "Макс" ЖШС сыйымдылығы 49,6 мың тоннаға шақталған элеватор салып жатыр.
Ауданда мал басын асылдандыру жұмыстары да жүйелі жүргізілуде. Кәсіпкерліктің қанат жаюына бағытталған жобалар да жетерлік. Қарасуда 1253 шағын бизнес субъектісі тіркелген. Нәтижесінде 87 жаңа жұмыс орны ашылды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасының екінші бағыты бойынша алты адам кәсіпкерлікті оқыту курсынан өтіп, қырық адам шағын несиеге ие болды. Білім саласының жетістіктері де аз емес. Биылғы ҰБТ-ның қорытындысына сай, Челгашин және Қараман мектептеріндегі екі оқушы "Алтын белгіге" ие болыпты.
Сессия отырысына дейін облыстық мәслихат депутаттарынан жұмыс тобы құрылған еді. Депутаттар Қарасу ауданының Новопавлов кентінде болып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын тексерді. Ауқымды істің нәтижесі туралы облыстық мәслихаттың білім және жастармен жұмыс мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрайымы Екатерина Смышляева айтып берді.

Кустанай
Карта Костаная
Карта области

Счетчик посещений

Наши партнеры
Помогите детям

Banner

2003 © Interstan® .